Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол белгілері ескірген

Қарсы қозғалыс жолағына шығып кетпеу, сондай-ақ, қараңғыда көру мүмкіндігін жақсарту үшін қаланың орталық көшелерінде «сары» түсті белгі таңбаланды.

 

 

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолда «Баланы қолынан ұстаңыз» және «Құлаққапты шеш» деген жазулар пайда болды.

Одан бөлек, бүгінгі таңда Теміртау қаласында – 2, Осакаров ауданында – 2, Қарқаралы ауданында – 1 бағдаршам орнатылады. Ал, Қарағанды қаласында әлі 9 бағдаршам жеткіліксіз екенін айту керек.

Сонымен қатар, өңірде 3700 жол белгілерін орнату және қалпына келтіру жоспарлануда. Мәліметтер Қарағанды және Теміртау қалаларында, Ақтоғай ауданында жол белгілерінің тым ескіргенін көрсетіп отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button