АймақБас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған жасөспірім табылды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 сәуір күні сағат 02:40-та Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне Абай ауданында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті.

Сурет Полиция департаменті

12.05-те мобильді топтар (волонтёрлер) баланы Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы дала аймағынан тапты. Медициналық көмек қажет болмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кенті бағытына жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының айтуынша, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, бағдарынан адасып қалғанын айтқан.

Айта кету керек, баланың жоғалғаны туралы хабарлама оның соңғы байланысқа шыққан уақытынан бірнеше сағат өткен соң түскен, бұл іздестіру жұмыстарын қиындатты. Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ТЖМ-нің 52859 әскери бөлімі, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар, әуеден шолу жүргізу үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button