Жаңалықтар

Қарағанды облысында жер заңнамасының сақталуына қатысты тексерулер өткізілді

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мамандары  2020 жылдың 1 тоқсанында жоспардан тыс 77  тексеріс жүргізді. Жалпы алғанда, тексеріспен 48 гектар жер аумағы қамтылды. 

Тексеру  нәтижесінде  53 заң бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде:
– жерге мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (өз бетiнше иеленiп алу) – 38 факт;
– жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау – 13 факт;
– мақсатсыз пайдалану – 1 факт;
– жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу – 1 факт.

Сонымен қатар, мораторийдің ережелерін ескере отырып, кәсіпкерлік субъектісі саналатын 45 субъектіге тексеру жүргізу мүмкін болмады. Бұл тексерулер санын  шамамен 50% -ға азайтты. Сондай-ақ, төтенше жағдай режиміне байналысты мекеме мамандарын аймақтарға жіберуді қарастыратын тексерулердің барлық түрі тоқтатылды.

Басқа материалдар

Back to top button