“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Қарағанды облысының жастары жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсетуде. Қарттарға көмек “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында ұйымдастырылды.
Приозерск еріктілері мен қала белсенділері осы аптада жалғыз басты зейнеткерлер тұратын алты үйге барды.
Лидия Летенова, Татьяна Наджафова, Наталья Орлова, Наталья Иванова, Тамара Николайчук және Владимир Казанцовқа көмек көрсетілді.
Олардың аулаларын тазалап, гүл егіп, көмір қора салуға көмектесті.
– Бұл біздің жалғызбасты зейнеткерлеріміз, оларға күнделікті тұрмысты алып жүру оңай емес. Еріктілер олардың өтініштеріне сүйене отырып көмектестік. Кейбіріне ауласын тазалап, біреулерге гүл егіп, азық-түлік сатып алып, көмір қора салып берді, – деді Приозерск әкімдігі. – Акция басталғаннан бері барлығы 279 тонна қоқыс шығарылды, 150 мың шаршы метрден астам аумақ тазартылды, 450 көшет егілді. Жасыл желектердің санын 1000-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Нұра ауданында ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлер үйлерінің аула аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Үш күн ішінде акцияға қатысушылар 36 адамның үйіне барды. Олар ауданның қарт тұрғындарына бақшасын тазалауға көмектесті.
– Акцияның соңына дейін барлығы 175 адамды қамту жоспарлануда. Соның ішінде еріктілер жергілікті қарттар үйіне көмектеседі. Сондай-ақ, ауданда сенбіліктер жалғасуда. Осы аптада оларға 637 адам қатысты. 31 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, ҚТҚ полигондарына 633 тоннадан астам қалдықтар шығарылды. Соңғы үш күнде 85 көшет егіліп, акция басталғаннан бері 10 мың ағаш егілді, – деп хабарлады Нұра ауданының әкімдігі.
Бұқар Жырау ауданында акция аясында 148 жалғызбасты зейнеткерлер мен 180 тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету жоспарлануда.
2 мамырда Ботақара мен Қызылқайыңда еріктілер бақшаны қазып, тыл еңбеккерлері Дмитрий Сирота мен Екатерина Никитинаның үйлерінің аумағын тазартты. Орталық ауылдық округте еріктілер төрт жалғызбасты зейнеткерге аумақты тазалауға көмек көрсетті.
– Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен әлеуметтік қызметкерлер қолдан келгенше көмек көрсетеді. Олар ауданның қарт тұрғындарына аулаларды, іргелес аумақты және бақшаны тазалауға көмектеседі, – деп хабарлады Бұқар Жырау ауданының әкімдігі.
Барлығы 8 сәуірден 2 мамырға дейін сенбіліктерге акция аясында 230 ұжым, 3908 адам қатысып, 130 бірлік мамандандырылған техника тартылды. 2350 ағаш пен бұта егіллі, 10 500 тонна қалдық шығарылды, 1346 аула жиналды, 24 рұқсат етілмеген полигон жойылды.
Қарағанды облысында санитарлық тазарту бойынша жұмыс жалғасады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі