АймақБас тақырып

Қарағанды облысында жаңа су электр станциясы салынады

Қазақстанның үш облысында жаңа су электр станцияларын (СЭС) салу жоспарланып отыр. Аталған жобалардың бірі Қарағанды облысында жүзеге аспақ деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі baq.kz сілтеме жасап. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушар» кәсіпорны Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы Қарғалы және Абай облысындағы Қаракөл су қоймаларында шағын СЭС салу бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуде. Қазіргі таңда бұл жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Жоба толық іске асқан жағдайда «Қазсушар» нысандарында өндірілетін электр энергиясының жылдық көлемі 30 МВт-қа дейін жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС жұмыс істейді. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button