Жаңалықтар

Қарағанды облысында жаңа лифттер орнатылуда

Жыл басынан бері аймақта 17 жаңа лифт орнатылды. Биыл және алдағы жылы – 120-дан және 2022-ші жылы – 121, яғни, 3 жылда барлығы 361 жедел сатыны ауыстыру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде өткен жылдан бастап көтергіштерді орнату бойынша ауқымды бағдарлама басталған болатын. Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ пилоттық жобаны іске қосу туралы арнайы меморандумға қол қойды. Келісім аясында Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы 2 миллиард теңге көлемінде қарыз берді.

Тұрғын үйде лифт орнату үшін тұрғындар жиын өткізіліп, оларға бағдарламаға қатысу тәртібі түсіндіріледі. Егер, көпшілігі жедел сатыны жаңартуға келіссе, онда үйді лифт шаруашылығын жаңарту бойынша пилоттық жобасына кіргізеді.

Бүгінгі күні Қарағандыда (Қала, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық) және Теміртауда 17 лифт ауыстырылды. Көтергіштерді орнату жұмыстары жалғасуда.

Басқа материалдар

Back to top button