Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағанды облысында жедел ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелді

Қазіргі таңда ет пен сүт өнімдері тез бұзылып, ішек инфекциясының  жиілеуі тез. 2025 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қарағанды облысында сальмонеллездің 17 жағдайы тіркелді, соның 6-ы – балалар арасында. Былтыр осы кезеңде 12 жағдай болған. Дәрігерлер мұны өнімді сақтау ережелерінің бұзылуы және өнімнің ыстықта тез бұзылуымен байланыстырады. 

Сурет gkb3-tambov.ru

–Осыған орай биыл дүкендер мен базарлардан 122 үлгі алынып, зертханалық сараптама жасалған. Оның 107-сі – шұжық өнімдері. Нәтижесінде 3 үлгіде (2,4%) таңбалауға қатысты бұзушылық анықталды: мемлекеттік тілдегі ақпарат орыс тіліндегі мәтінмен сәйкес келмеген. Бір қарағанда «ұсақ қате» көрінгенімен, таңбалаудың дұрыс болуы – тұтынушының құқықтары мен қауіпсіздігінің кепілі. жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Солардың кесірінен дене  қызуының көтеріліп, жүрек айну-құсу, іштің ауыруы, қан шырыш аралас диарея болуы мүмкін. Әсіресе балалар, қарттар, иммунитеті әлсірегендер үшін қауіпті. Өз бетінше емделмей, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек, – деп атап өтті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгерім Жылқыбаева.

Етті дұрыс таңдау – қауіпсіздіктің алғашқы қадамы:

  • Әрқашан қаптаманы оқыңыз: жарамдылық мерзімі, сақтау шарты, құрамы нақты жазылуы тиіс.
  • Сапалы өнімде бөтен, қышқыл немесе көгерген иіс болмайды.
  • Қаптама бүтін болуы керек. Суланған немесе жыртылған қаптама – ластану қаупін арттырады.
  • Етті тек ресми дүкендерден, ветеринарлық құжаты бар орындардан сатып алыңыз.

Сальмонеллездің алдын алу үшін әркім қарапайым гигиена мен ас әзірлеу ережелерін сақтауы тиіс:

  • Қолды жуу. Тамақ әзірлеу алдында және кейін міндетті.
  • Айырым тақтай мен пышақ. Шикі ет пен дайын тағамға бөлек құрал қолданыңыз.
  • Толық пісіру. Еттің ішкі температурасы кемінде 74°C болуы тиіс.
  • Жұмыртқаны шикідей ішпеңіз. Тек қайнатылған/қуырылған түрде пайдаланыңыз.
  • Бөлме температурасында қалдырмаңыз. Дайын тағамды тез арада тоңазытқышқа қойыңыз.
  • Таза су қолданыңыз. Табиғат аясында – термосөмке, бір реттік ыдыс.

Ет өнімдері – құнарлы әрі пайдалы азық. Бірақ қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Дұрыс таңдасақ сүйікті тағамдарымыз тек қуаныш сыйлайды.  

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button