Бас тақырып

Қарағанды облысында және бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр күтіледі

Бүгін Қарағанды, ШҚО, Абай және Павлодар облыстарында ауа райы күрт бұзылып, кей өңірлерде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге жолдарда көктайғақ пен көрінудің төмендеу қаупі бар екенін ескертіп, жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– 2025 жылғы 21 қарашада Қарағанды, ШҚО, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button