АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысында қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Қарағанды ​​облысының полицейлері ҰҚКД мамандарымен бірлесіп, «Қармет» АҚ қызметкерлері мен Абай қаласының тұрғындарын бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстаудың екінші кезеңін жүргізді. Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі «Қармет» кеншілерінен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталғаны туралы өткен жылдың желтоқсан айында хабарлаған болатын.

Бірнеше қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында жалпы сомасы 55 миллион теңгеден астам ақша бопсалаудың өзге де фактілері анықталды.

Сонымен қатар, олардың «Қазақстан темір жолы» АҚ нысандарынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға қатыстылығы анықталды. Осыған орай, 13 ақпанда ҰҚКД мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері осы қылмыстарға қатысы бар тағы 8 топ мүшесін ұстады.Олардан тінту барысында тіркелмеген атыс қаруы, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Қазіргі таңда басқа да осыған ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Сурет пен видео: Рolisia.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button