Жаңалықтар

Қарағанды облысында құқықтық сауатсыздықтан мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерлікпен айналысқан

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген талдау нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің атына тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және жеке кәсіп бар екенін анықтады.

 

Ақтоғай ауданы Шашубай ауылының әкімі аппаратының бас маманы А.Ежібаев, Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің бас маманы А.Сәдуақасов, осы ауданның Төменгі Қайрақты ауылының әкімі Ж.Әйешев ЖШС құрылтайшылары болғанымен, өздері кәсіпкерліктен ешқандай табыс таппағандарын айтады.

Одан бөлек, Саран қаласы әкім аппаратының қызметкері В.Штайнмец жеке кәсібін сенімгерлік басқаруға бергені жайлы келісімшарт ұсынған. Бірақ, ол жеке кәсіпкерлік сенімгерлік басқаруға берілмейтінін ескермеген.

 

Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Медет Ілияс мұндай бұзушылықтар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығының төмендігінен және заң нормаларының дұрыс талқыланбауынан екенін айтады.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button