Жаңалықтар

Қарағанды облысында рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

Қарағанды облысының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі №16 қаулысына 7 қосымша

Карантин кезінде қызметтері тоқтатылмайтын ұйымдар және кәсіпорындарының қызмет түрлерінің тізбесі

1. Денсаулық сақтау жүйесінің объектілері, атап айтқанда:
1) медициналық қызмет көрсетуге лицензиялары бар зертханалар және медициналық мекемелер;
2) медициналық бұйымдарды, оның ішінде оптика сататын объектілер/субъектілер.

2. Инфрақұрылым, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері, атап айтқанда:
1) электроэнергетикалық компаниялар;
2) сумен қамту, су шығару;
3) жылумен қамту;
4) газбен қамту;
5) электрик, сантехник, лифт шаруашылығы қызметтері;
6) өрт қызметі;
7) көше және үй-жайларды жинау қызметтері, ПИК;
8) қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату;
9) дезинфекциялау;
10) автомобиль жолдары және темір жолдары құрылысы, жөндеу және қайта қалпына келтіру.

3. Көлік және байланыс қызметтері:
1) телекоммуникациялар (карантин кезінде абоненттік бөлімшелер 50% кем емес жабылуын және жұмыс жасайтын бөлімшелердің тізімдерін интернет ресурстарында жариялауды, жұмыс уақыттарын сағат 10:00 бастап 16:00-ге дейін шектеуді, карантин аймағында коммуникациялық желілерге қызмет көрсетуші және техникалық қолдау жүргізетін қызметкерлердің жүрулеріне рұқсат етуді);
2) такси қызметтері (жүргізушілерді күн сайын тексеру үшін медициналық қызметкерлері, автокөліктерді күн сайын жуу және дезинфекциялау үшін көлік жуу орындары бар) мына шараларды сақтаған жағдайда:
– ауысым басталғанда/аяқталғанда жеке журналды жүргізе отырып, жүргізушінің температурасын қатынассыз термометрмен өлшеу;
– жүргізушіде жеке қорғаныс құралдарының болуы (маска, қолғап, антисептик);
– таңбалау мен шашканың болуы;
– міндетті түрде жолаушыда масканың болуы (жолаушыларды маскасыз тасымалдау жүзеге асырылмайды);
– машинаны міндетті дезинфекциялау (әр сағат сайын).
Бұл ретте тасымалдау кезінде жүргізушіден диагональ бойынша 1 жолаушыдан отырғызу арқылы жүруге, сонымен қатар кәмелетке толмаған балалармен 1 ата-ананың қоса жүруіне рұқсат етіледі)»;
3) жүк тасымалдары;
4) қоғамдық көлік жұмыс уақытын 7.00 бастап 10.00 дейін таңертең және 17.00 бастап 20.00 дейін кешке шектеу арқылы 2020 жылғы 27 сәуірден бастап облыстың барлық аумағында, Теміртау қаласын қоспағанда.

4. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қойнауын пайдалану субъектілері:
1) бірінші қажеттілік тауарларын қоса алғанда, тамақ өнеркәсібі;
2) ауыл шаруашылығы;
3) химреагенттер;
4) дәрі-дәрмек препараттары;
5) медициналық жабдықтар/құралдар;
6) санитариялық гигиена өнімдері;
7) үйге арналған қағаз бұйымдары;
8) машина жасау;
9) металлургия;
10) дәкеден және матадан таңғыштар шығаратын тігін өндірісі;
11) тау-кен өндірісі;
12) құрылыс материалдарын шығару өндірісі;
13) өнеркәсіптік кәсіпорындар (барлық ЭҚЖК).

5. Бөлшек сауда, тамақтандыру және құрылыс қызметтері объектілері, атап айтқанда:
1) супермаркеттер, азық-түлік дүкендері (бірінші қажеттілік тауарларын сату құқығымен)
2) дәріханалар
3) ЖЖС, АГҚС, ГТС, мұнай базалары, мұнай қоймалары, сондай-ақ қолданыстағы міндеттемелерді орындау шеңберінде кәсіпорындарға газ жеткізуші компаниялар;
4) мейрамханалар/бар/кафелер/асханалар (жеткізу үшін ғана)
5) құрылыс
6) арнайы дүкендерде құрылыс материалдарын сату, Теміртау қаласын қоспағанда)
7) дүкеннен сатып алушыға дейін өнімді жеткізу режимінде ғана сату: тұрмыстық техника және электртауарлары, жануарларға арналған тауарлар, тұрмыстық химия, қосалқы бөлшектер және шығыс материалдары облыстың барлық аумағында, Теміртау қаласын қоспағанда
8) облыстың барлық аумағында қоймаға жинау, Теміртау қаласын қоспағанда.

6. Басқа да маңызды қызметтер, атап айтқанда:
1) «КазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды филиалының қаржы институттары, «Қазпошта» АҚ филиалдары және бөлімшелері (ерекше жұмыс режимі).
Облыстың барлық аумағында, Теміртау қаласын қоспағанда екінші деңгейлі банктердің филиалдары және бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы рұқсат етіледі.
2) «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №88 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 27 наурыздағы №169 бірлескен бұйрығымен қарастырылған тәртіпте сақтандыру компанияларының бас офистері келесі жұмыс істеу жағдайларын анықтай отырып:
– 09.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесі;
– жалпы штат санынан персонал санын 30%-ға дейін шектеу.
3) пошталық, курьерлік және жүк қызметтері;
4) тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды, сонымен бірге алғашқы қажеттілік өнімдерін жеткізу сервистері;
5) ауыл шаруашылық техникасын, құрал-жабдықтарды және олардың қосалқы бөлшектерінің көтерме саудасы (46610 ЭҚЖК);
6) қойма/тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар дистрибуциясы;
7) қонақ үйлер, хостел, демалыс үйлері, санаторий және шипажайлар (тек қана персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін);
8) жатақханалар (тек қана персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін);
9) қарттар үйлері;
10) балалар үйлері;
11) баспанасыз адамдарға арналған орындар;
12) жануарларға арналған орындар;
13) жерлеу қызметтерін көрсетуші агенттіктер және зираттар;
14) БАҚ;
15) формалық киімдегі немесе ерекше белгілері бар еріктілер (волонтерлер);
16) УСҚ;
17) объектілерді қорғау;
18) адвокаттық және нотариалдық қызметтері (алдын ала жазылу арқылы);
19) ветеринариялық станциялар, клиникалар;
20) зертханалар;
21) карантинді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тартылған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдармен мемлекеттік сатып алу туралы 01.04.2020 жылға дейін жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау аясында қызметтер көрсету үшін ғана автожуулар, техникалық тексеру орталықтары және техникалық қызмет көрсету станциялары;
22) «Достар Алем» қонақ үй кешенінің (“АДО-2017” ЖШС) тек қана онда ҚХР-нан Еуропалық Одақ елдеріне гуманитарлық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын және “Сарыарқа” әуежайында техникалық тоқтауды орындайтын Aerotranscargo, Fly pro, Rubi Star әуе компаниялары экипаждарының мүшелерін орналастыру мақсатында ішінара жұмыс істеуі;
23) фитнес клубтары және спорт секцияларының қызметі келесі жағдайларды анықтау арқылы:
– жаттығулар және сабақтарды online режимінде жүргізу үшін кіру тек қана жаттықтырушыларға рұқсат етіледі.
24) ауыл шаруашылығы тұқымдарын (көшеттерді) және көшет материалдарын сататын арнайы дүкендер (бөлімдер);
25) Қарағанды облысының барлық аумағында техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, дөңгелек жөндеу шеберханалары;
26) тұрмыстық техника, терминалдар, кассалық аппараттар, кеңсе техникасына және картридждерді толтыру сервистік қызметтері;
27) кір жуу және химтазарту, Теміртау қаласын қоспағанда;
28) автомобиль көлігін сататын автосалондар.

7. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және оның аумақтық бөлімшелері, Полиция департаменті мен оның бөлімшелері, Төтенше жағдайлар департаменті мен оның бөлімшелері, прокуратура органдары мен оның бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғау қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті мен оның бөлімшелері, Экономикалық тексеру департаменті мен оның бөлімшелері, Мемлекеттік кірістер департаменті мен оның бөлімшелері, кедендік бекеттерді қоса алғанда, сот қызметкерлері, Ұлттық банк, Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы, Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтары.

8. Аса маңызды объектілер, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары.

9. Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі өңірлік жедел штабпен келісім бойынша әлеуметтік объектілер құрылысы.

Егер де мекеменің қызмет көрсету саласы жоғарыда көрсетілмесе, бірақ аталған ұйымның басшысы мекеме жұмысының облыс халқы және тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде маңызды деп санаған жағдайда немесе қызмет ерекшелігі бойынша тоқтатылуға жатпаса, міндетті түрде Өңірлік жедел штабтың Жедел әрекет ету орталығына негізі көрсетілген жазбаша сұраныс жолдауы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button