Ресми

Қарағанды облысындағы көпқабатты үйлерде 2021 жылы 100 лифті ауыстыру жоспарлануда

Биыл Қарағандыдағы көп қабатты үйлерде жұмыс істемейтін лифтілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасады. 2020 жылы облыс бойынша 102 жаңа көтергіш орнатылды.

Мәселен, Қарағандыда 65 лифт, Теміртауда – 30, Балқашта – 3, Сәтбаевта – 2, Шахтинск пен Жезқазғанда – бір-бірден ауыстырылды.

Жаңа лифтілер 25 жылға есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ 2019 жылы жұмыс істемейтін көтергіштерді ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы Меморандумға қол қойды. Лифт үшін көпқабатты үйдің тұрғындары 8 жыл бойы төлейтін болады. Ай сайынғы төлем сомасы пәтердің ауданына байланысты.

– Лифтілердің сақталуы үшін біз міндетті түрде электр кабельдерін ауыстырамыз, есептеу құралдарын қоямыз. Бұзақылардан қорғау үшін машина бөлімшелерінде жақсы құлыптары бар жаңа есіктерді орнатамыз, тұрғындардың қалауы бойынша дабыл да жасай аламыз, – дейді Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дүйсембаев.

2021 жылы өңірдің көп қабатты тұрғын үйлерінде 100 лифт орнату қарастырылған.

Басқа материалдар

Back to top button