Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай (25 сәуір)

25 сәуірде Қарағанды облысында үш адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ, 2 науқас сырқатты жеңіп, ауруханадан шығарылды. 

“Қарағанды қаласында екі адамның COVID-19 жұқтырғаны расталды. Олардың  бірі, 1965 жылы туған ер адам. Ол бұрын пульмонологиялық орталыққа жатқызылған. Екіншісі, 1979 жылы туған ер адам. Вирус анықталған кезде карантиндік госпитальде болған. Өйткені, бұрын вирус жұқтырған адаммен  байланыста болған. Ал, Теміртау қаласында 2007 жылғы қыз баланың сырқатқа шалдыққаны белгілі болды. Науқастардың барлығы  инфекциялық стационарға жатқызылды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгін 1947 жылы дүниеге келген Қарағанды қаласының тұрғыны мен Шахтинск қаласында тұратын 11 жастағы қыз бала індетті жеңіп, ауруханадан шығарылды. Олар 14 күндік үй карантинін сақтауы тиіс. 

Басқа материалдар

Back to top button