Бас тақырыпБасты тақырыпБілім

Қарағандының ауылдарында тұратын мұғалімдердің орташа жалақысы – 435 мың теңге

Білім басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысының мектептерінде 24 487 педагог еңбек етеді. Бұл ретте 3 441 педагогтың 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Салалық бағалаулар бойынша бір ставкаға орташа жалақы қалада шамамен 352 мың теңгені және ауылдық жерлерде шамамен 435 мың теңгені құрайды.

Облыста білім саласыны қызметкерлеріне тапшылық бар. Әсіресе, жаратылыстану-математикалық-математика, физика, химия мұғалімдері, шет тілдері (ағылшын), орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, орыс тілінде оқитын бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді.

Дегенмен облыста дене шынықтыру, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ тарих пәндері мұғалімдерінің саны көп. 

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button