Бас тақырыпБасты тақырып

Аймақта туризм саласында гидтерді оқыту басталды

Өңірде туристік әлеуетті арттырудағы кешенді жұмыстар жалғасуда. Туристік қызметтердің сапасын арттырып, саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысында экскурсоводтар (гидтер) даярлау бағдарламасы іске қосылды. Бастама облыстық Туризм басқармасы мен Туристік ақпараттық орталық тарапынан, салалық ұйымдар мен мамандардың қолдауымен жүзеге асуда. Бұл жайлы облыстың Туризм басқармасы мәлім етті. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Оқыту келесі өзекті модульдер бойынша өтеді:
— өңірдің тарихы мен мәдениеті,
— экскурсия жүргізу әдістемесі,
— түрлі санаттағы туристермен жұмыс істеу,
— этика, қауіпсіздік және алғашқы көмек негіздері,
— коммуникация және туристік бағыттарды ілгерілету.

Бағдарлама ішкі және кірме туризмді дамытуға, кәсіби ортаны қалыптастыруға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған. Оқытуға жаңа және тәжірибелі гидтер, туркомпания өкілдері, сондай-ақ қызығушылық танытқан азаматтар қатысуда.

Курс соңында қатысушылар кәсіби талаптарға сәйкестігін растайтын сертификаттарға ие болады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button