Жаңалықтар

Қарағанды облысында цифрлық эфирлік хабар таратылады

Облыс аналогты теледидардан алыстап, цифрлық эфирлік хабар таратуға көшті. Бүгін облыстық «Новая» радиотелевизиялық станциясында цифрлық эфирлік телехабар таратуға толық көшу рәсімі өтті. Кездесуде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан ҚҰСАЙЫН, «Қазтелерадио» Басқарма төрағасының орынбасары-коммерциялық директоры Дальмира ШИГАЕВА қатысты.

Аналогтық теледидардың басты кемшілігі – сигналы нашар. Ауа-райы бұзылғанда сигнал нашарлап, теледидардың көрсету сапасы төмендейтін. Сигнал көзі мен таратылатын нүктесінің ара қашықтығы неғұрлым ұзақ болса, соғұрлып сапасы да түсетін. Енді бұдан былай мұндай жағдай орын алмайды. Себебі, облыста цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін кезең-кезеңімен қосу жұмыстары басталды. Жалпы, мәліметтерге сүйенсек, 2022-2023 жылдары халқының кемі 95%-ын цифрлық эфирлік телевизиямен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Цифрлық телевизия туралы ақпарат, сондай-ақ цифрлық телехабар таратумен қамту аймағындағы қолжетімді арналар мен елді мекендердің тізімін http://tsetv.kz/ веб-сайтында қолжетімді. ЦЭТВ бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша 193 телефонына хабарласуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Басқа материалдар

Back to top button