Жаңалықтар

Қарағанды облысында цифрлық дәуірдің шағын және орта кәсіпкерлікке тигізетін оң әсері айқын байқалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық», – деген болатын. Демек, «Өңір өміріндегі сандық сананың серпілісі қандай деңгейде?» дейтін сауал өздігінен сұранатыны анық. Әсіресе, шағын және орта бизнес шеңберіндегі ахуал күннен-күнге өзекті бола түсті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Digital дәуір

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев заманауи бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастырып, өңірдің бар тірнекті тіршілік салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект тетіктерін мейлінше ұтымды негізде қадамдап енгізуді қамтамасыз етуді тапсырған еді. Құзыретті мекемелер өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында  цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту бойынша бірыңғай тұжырымдамалық құжат – Digital Qazaqstan-ды әзірлеуді қаперден шығармау қажеттігін де бір мәрте еске салды.

Арқа аймағы сандық шешімдерді әсте-әсте көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру сияқты маңызды салаларға күрмей бастағаны ақпарат айдынында да, күнделікті өмірімізде де қылаң берген-ді. Байыпты баста-малар аймақтың инфрақұрылымын едәуір жақсартып, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға таптырмас игілік. Задында әлеуметтік салада айтарлықтай жетістіктер жоқ емес. Ә деген шақта нейрондық желінің заманбап ерекшеліктерін пайдалана отырып, «Азықтүлік бағаларына мониторинг» жобасы сәтімен жүзеге асты. Ауқымды жоба азықтүлік өнімдерінің бағамына тұрақты бақылау жүргізуге оң ықпал етіп, өз кезегінде қаймана халықтың әлеуметтік осалтоптарын қолдауға, сәт сайынғы бағаның негізсіз өсуін болдырмауға септеседі. Облыстық әкімдік- тің баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, мұндай цифрландыру шаралары өндірісті өлкенің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде теңдессіз рөл атқарады.
ХХІ ғасыр ширегіндегі сандық технологиялардың күрт дамуы мен инновация үдерістерінің қарқынды өсуі әртарапты бизнес жүргізудің түпсіз көкжиегін ашып, кәсіпкерлік саласынтүбірінен түбегейлі өзгертіп жатыр. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту тұтас республиканың экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды рөл атқарады. Арқа алабы осы бағытта алдыңғы қатарда тұрған аймақтардың бірі екендігін мақтанышпен айтамыз. Облыс кәсіпкерлері smart технологияларды, ақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған платформаларды тиімді пайдалана отырып, бизнес үдерістерін әсте-әсте оңтайландырып келеді. Мәселен, интернет-коммерция, электронды сауда, әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерді ұсыну санқырлы саладағы басты трендтердің бірі.

Көптеген кәсіпкерлер өз бизнесін интернет алаңдарына көшіріп, онлайн сауда-саттық арқылы табыс табуда. Айтып-айтып келгенде, облыс орталығы – Қарағанды қаласында стартап-жобалар мен IT компаниялардың саны да артпаса, кемімеді. Атап айтқанда, инновациялық идеяларға негізделген жобалар, стартап-акселераторлар мен хакатондар ашылып, кез келген кәсіпкерге өз жобасының қазығын қағуға жағдай жаратады.

Бақылау берекеге бастайды

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды жадыны экономиканың барлық саласына кеңінен енгізу, сосын толық цифрландыру қажеттігі туралы келелі міндет артқан еді. Діттегенге жетпек мақсатында өңірде халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызы зор жасампаз технологияларын пайдалана отырып, бірқатар негізгі жобаларіске асырылуда, – деп баяндады облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий.

Спикер мырза әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағамын автоматты түрде тіркеп, талдау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі түсіндірді. Алдымен нейрондық желі онлайн-деректерді, ең бастабында аймақтық сауда желілерінің веб-сайттарынан алынған деректерді мұқият өңдейді. Алынған ақпарат жедел жиынтықтар мен сараптамалық есептер түрінде ұсынылады да бағаның өзгеруіне жалма-жан ден қоюға, әрмен қарай тұтыну нарығындағы жағдайды терең сараптауға жол ашады.
Ведомство басшысының мәлімдеуінше, көлік саласында автомобиль жолдарының жағдайын автоматтандырылған бақылауға арналған JoLScan жүйесі қанатқақты негізде іске қосылған. Жасампаз жүйеде компьютерлік көру технологиясы қолданылады да, автомобильдердегі бейнетіркегіштерден келіп түскен бейне ағындарын сарапқа салады. Түпкі нәтижесінде, жол төсеміндегі ақаулар анықталып, сала-салаға жіпке тізгендей етіп, жіктеледі. Алынған ақпарат тарихын қадағалау мақсатында векторлық белгілері бойынша салыстыру амалдары демде жүргізіледі. Ақаулар атаулысын картаға нақты байлау үдесінде геолокациялық деректер де қаз-қатар пайдаланыла береді. Облыс әкімдігі мен жергілікті билік органдары тарабы болса, шағын және орта кәсіпкерлікті әртарапты қолдау мақсатында әртүрлі бағдарламалар мен гранттар ұсынып келеді. Мұндай қолдау кәсіпкерлердің тың да теңгерімді технологияларды енгізу әрі цифрландыруды жеңілдетуіне сеп. Инновациялық идеялар мен теңгерімді технологияларды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше стартаптар мен жобалар жалғанның жарығын көрді. Қарағандының жас кәсіпкерлері мен мамандары ауыл шаруашылығын, өндіріс салаларын, экологиялық жобаларды цифрландыруға, автоматтандыруға, жасанды жады технологияларын қолдануға бағытталған жобаларды мықтап қолға алуда. Жоталы жобалар облыстың экономикасына игі инвестициялар тартып, жұмыс орындарын мейлінше көбейтуге оң ықпал етеді.

Мысал ретінде қарастырсақ, AgroTech жобалары ауыл шаруашылығында сандық технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, шығындарды азайтуға бағытталған сыны жоқ шешімдер қатарында. Digital Solutions платформалары шағын және орта бизнес үшін бағдарламалық өнімдер, мобильді қосымшалар, веб-кеңістікті жарату арқылы нарыққа жаңа тәсілдер енгізу алгоритмін жалпыға паш етті. Қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары болса, экологиялық таза жобалар, зиянды шығарындыларды өңдеу және қайта пайдалану бағытында жетелі жұмыстар атқарылуда.

Соны серпін

Smart технология көмірді де экологияға зиян келтірмей өңдей алады. Биылға дейін аймақтағы 11 ірі кәсіпорында 40 цифрлық жобаны іске асыру межеленді. Смарт жүйе адам факторынсыз іске асқандықтан ақиқатында бюрократияны пышақ кескендей тияды. Облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер телімдерін электронды қалыпта беру рәсімін жеңілдету оның негізгі артықшылықтарының бірі
болып табылатын аймақтық геоақпараттық портал жұмыс істейді. Осылайша жер учаскелеріне құқық беру мерзімін 60 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне дейін қысқарды. Ендігі уақытта жекелеген азаматтар мен кәсіпкерлер үшін жер алу үрдісі айтарлықтай жеделдетіліп, қолжетімді бола түсті. Байырқалы бастама мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға һәм халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру- ды дәл көздеді. Сандық сана дамыған ғасырда бизнесті табысты жүргізу үшін кәсіпкерлер тек таразылы технологияларды емес, сондай-ақ, сандық мәдениетті меңгермегі өміршең мәнге ие. Кәнігі кәсіп иесі мен бизнесмендер арасында сандық сауаттылықты арттыру мақсатында түрлі тренингтер мен семинарлар жүйелі негізде ұйымдастырылуда. Қарағанды облысында цифрлық дәуірдің шағын және орта кәсіпкерлікке тигізетін оң әсері айқын байқалып келеді. Тегеурінді технология мен инновациялық жобалар облыстың экономикалық дамуына өзгеше серпін беріп, бизнес ортаны жаңартуда.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жеке кәсіпкерлердің оң қадамдары инновациялық кәсіпкерліктің жаңа белестерін бірден бағындырды. Аталған трансформация, жалпылай алғанда, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өндірісте де іскер өңірдің жалпы экономикалық әлеуетін күшейте берді.
Ендігіде 2024-2026 жылдар аралығында Қазақстанның бизнес-инвесторлары мен венчурлік қорларын белсенді түрде тарта отырып, жалпы көлемі 5 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа венчурлік қорды іске қосу межесі тұр. Қомақты қордың мәнді көздемегі – даңғайыр дамудың ерте кезеңіндегі инновациялық жобаларға инвестиция салу соқпағымен отандық стартап экожүйесін қолдау және дамыту. Сайып келгенде, қор бірлесіп инвестициялау үшін салалық серіктестерді, атап айтқанда, ірі корпорациялар мен тәжірибелі инвесторларды жұмылдырады. Яғни, әріптестіктер стартаптарға қаржылық қолдаудан бөлек, құнды тәжірибе, сараптамалық кеңес, нарыққа шығу алаңдарын ұсынуға жәрдемдеседі. Сонда қор мемлекет экономикасының әртараптандырылуына, технологиялық тетіктердің сатылап өсуіне елеулі үлес қосады.

Респондент лебізі

Ержан Байдуллаұлы – бизнес-тренер. Ол қазіргі уақытта сандық трансформация үдерісін зерттеп келеді. Оның көзқарасынша онлайн-оффлайн сервистер адам санасына түбегейлі өзгеріс әкелген. Күн сайын әрнеге дағдылану тосын жайт болғанымен, пайдасы орасан болса керек-ті.

– Өңірдегі цифрландыру мен инновациялық кәсіпкерлік оң формацияларды айқын көрсетті. Қос көзімізге шұқшитып тұрып. Шағын және орта бизнеске арналған соны технологияларды біртін-біртін кірік- тіру бағытындағы қозғалыстар, әсіресе, азықтүлік бағаларын бақылау, жолдардың жағдайын мониторингтеу сияқты жетелі жобалар шын мәнісінде бұқара халықтың ғұмыр сапасын аршындап арттыруға, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға ересен септігін тигізеді. Қарағанды облысында сандық технологияларды белсенді қолдану әдісімен бәсірелі бизнестің көкзеңгір көкжиегі мен- мұндалап, арқасүйер аймақтың экономикалық әлеуетін аспандатары һақ. Демек, трансформацияның нәтижесінде орталық облысымызда жаңа стартаптар мен инновациялық жобалардың санының артуы, оны қоса алғанда, кәсіпкерлер жамағатына арналған демеу шаралары өңір болашағына селкеусіз сенім ұялатады. Мұндай бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет деп санаймын! – деді Ержан.

Иә, сандық санаға саяхат қылғанымызда талғамды технология тегеуріні Арқа атырабында мүлде өзге эраның басталғандығын аңғартып қойғандай бізге. Шынтуайтында, тек технологиялар туралы ғана емес, бүкіл қоғамдық сананы, бизнес-мәдениетті түбегейлі өзгерту туралы әңгіме дерміз бір сөзбен бұны. Сандық трансформация көпірі арқылы өткен шағын және орта бизнес өз күшіне күш қосып, нарықтағы орнын әбден бекітуде. Инновация мен кәсіпкерлік гүлденген осы заманда әрбір стартап, әрбір цифрландырылған үдеріс, әрбір жасампаз ой – болашаққа салынған ғимараттың кірпіші тәріздес.
Мемлекет пен бизнес әріптестігінің нәтижесінде облыс өңірлік қана емес, ұлттық дамудың бел- сенді қозғағыш күшіне айналуда. Ал, біз болғанда смарт алаңда салынған көпірдің алтын арқауында экономиканың басқы белестеріне сеніммен жетеміз.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button