Қарағанды облысында тағы жеті өрт сөндіру бекеті ашылады
Облыстың шалғайдағы елді-мекендерінде өрт қауіпсіздігін дамыту жалғасуда. Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 7,5 мың тұрғыны бар 18 елді-мекенде өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тез ден қоятын 9 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарда. Бүгінде олардың екеуі Нұра ауданының Ахмет ауылында және Шет ауданының Красная Поляна ауылында іске қосылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.

Жақын уақытта мұндай бекет Осакаров ауданында ашылады.
Бүгінгі таңда облыста барлығы 58 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар 66 мың адам тұратын 126 елді-мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өртке қарсы қызмет техникасын жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
–Биыл өрт сөндірушілерге 21 бірлік заманауи арнайы техника мен 48 машина берілді. Осы арқылы біз кез-келген төтенше жағдай кезінде қажетті көмектің жылдам, әрі тез келуін қамтамасыз етеміз, – деп жазды Ермағанбет Бөлекпаев.
Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінде материалдық–техникалық базаны жаңарту жалғасады.
Аяулым СОВЕТ