Коронавирус

Қарағанды облысында тағы 43 адамда COVID-19 анықталды

Қарағанды облысында өткен тәулік аралығында коронавирустық инфекция жұқтырудың 43 жағдайы тіркелді.

ПТР-зерттеу 43 адамда COVID-19 барын растады. КВИ-ға шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде, сондай-ақ скрининг барысында анықталды. Оның ішінде 18 қарағандылық, Теміртау қаласының 19 тұрғыны, Саран қаласының екі тұрғыны және Абай мен Шет аудандарынан екі адамнан анықталған.
Барлық сырқаттанғандар инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.
Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

26 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 705 жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 193 адам сауығып кеткен. 

Басқа материалдар

Back to top button