Қарағанды облысында тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу күшейтіледі
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау, бұзақыларғы тыйым салу мәселесі талқыланды.
– Құқықтық статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 37% – ға төмендегені байқалады, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Арман Оразбаев.
Алайда, жедел мәліметтер көрсеткендей, бұл мәселе өзекті болып қала береді. Оның басты себебі -алкогольді шектен тыс пайдалану. Үйдегі зорлық – зомбылықтан әйелдер мен балалар, отбасының егде мүшелері зардап шегеді.
Құқық бұзушы жазасыз қалмайды. Осы уақытқа дейін 133 адам әкімшілік қамауға, тағы 300-ден астам адам уақытша ұстау камераларына қамауға алынды.
Бірақ олардың салдарларымен күрескенен гөрі, құқық бұзушылықтың алдын алған дұрыс. Полицейлер есепке алынғандарды қатаң бақылау керек. Сондай-ақ заңдық және психологиялық көмекті дамыту қажет.
Облыста медиация қызметі жұмыс істейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдар көмектеседі. Облыста өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға арналған бес дағдарыс орталығы, екі Аналар үйі, сондай-ақ сенім телефондарымен психологиялық көмек көрсету қызметінің үш орталығы жұмыс істейді.
Карантин жағдайында учаскелік инспекторлар блокпосттарға тартылған болатын. Қазір оларды өздерінің әкімшілік аумағына барынша қайтаруға тырысып жатыр. Сондай-ақ, құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін басқа қызметтер есебінен қосымша күштер тартылды, оның ішінде полиция департаменті аппаратының және қалалық басқармалардың қызметкерлерін қатыстырады.
Рейдтер және басқа да алдын алу шаралары жүргізіледі.