Қарағанды облысында тұмауға қарсы 116 мыңнан астам адам егілді
Облыстағы тұрғындарды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, тұмау вирусының және тұмауға ұқсас вирустардың айналымына тұрақты мониторинг жүрді. Осы ретте эпидемиологиялық маусымның басы биылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ белгілері бар науқастардан 259 сынама алынды.

Бүгінгі күні вакцинацияланбаған адамдар арасында тұмаудың (А3) зертханалық расталған 3 жағдайы тіркелді. Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар да айналымда бар. Олардың үлес салмағы зерттелген сынамалардың жалпы санының 54%-ын құрады, оның ішінде риновирус (62%), парагрипп (19,4%), боковирус (9,3%), аденовирус (3%), РС-вирус (1%) және басқалары анықталды.
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгиннің айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Биыл жергілікті бюджет қаражатынан “тәуекел топтары” тұрғындарының неғұрлым осал топтарын вакцинациялаумен қамту үшін 173 000 доза мөлшерінде тұмауға қарсы “Гриппол” вакцинасы сатып алынды.
Тәуекелдің бұл санатына диспансерлік есепте тұрған балалар; балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің контингенті; жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар; медицина қызметкерлері мен екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер жатады. Сонымен қатар, инфекция қаупі жоғары педагогтар, әскери қызметшілерге вакцинация жүргізу ұсынылады.
2025 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша тұмауға қарсы 116 мыңнан астам адам егілді. Бұл облыс тұрғындары санының 9,7%-ын құрады, оның ішінде 14 929 бала, 10 612 медицина қызметкері, 1 825 жүкті әйел, 1 667 жабық мекемелердің қызмет алушылары бар. Ақылы негізде және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 3 021 адам егілді.
Аяулым СОВЕТ



