Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы жоспарлы жаттығу кезінде апатқа ұшырады
Қарағанды облысында жоспарлы жаттығу ұшуы кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт арқылы секіріп үлгерген. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.
Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



