Ресми

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ КӘСІПОДАҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ !

Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығында Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі штабтың алғашқы отырысы өтті.


Кәсіподақтар үйінде өткен кездесуде сайлау алдындағы науқан барысын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан 30 тәуелсіз байқаушы бақылайтын болады, ал дауыс беру күні – 2021 жылғы 10 қаңтарда – еңбек ұжымдарының 1482 қызметкері Қарағанды облысының 19 қаласы мен аудандарындағы 741 сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын бақылайтын болады – деп хабарлады облыстық бақылаушылар штабының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина.

Кәсіподақ бақылаушылары екі миссияға бағытталған – ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді. Біріншіден, біз үшін азаматтардың ерік білдіру бостандығы жұмыс берушілер өкілдері тарапынан қандай да бір қысыммен бұзылмауы маңызды. Екіншіден, сайлау өтетін күні облыстың сайлау учаскелерінде процестің ашықтығы мен заңдылығына бақылау жүргізу – деді Татьяна Самойлюк – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы.

Азаматтық қоғамның басты күштерінің бірі ретінде кәсіподақ қозғалысы заңнамаға сәйкес сайлаушылардың конституциялық құқығының іске асырылуын бақылайтын болады – деп атап өтті «YNTYMAQ» Қазақстандық салалық орта және шағын бизнес қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Марат Көккөзов.

Штаб мүшелері бақылаушылар үшін оқытуды онлайн форматта өткізуге келісті. Сайлауды бақылау жөніндегі облыстық кәсіподақ штабының құрамына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін салалық және жергілікті кәсіподақтардың 15 облыстық құрылымының өкілдері кірді.

Кәсіподақтар еліміздің қоғамдық-саяси оқиғаларында әрдайым белсенділік танытып келеді және дайындық кезеңіне қатысуды және жалпы бақылаушылардың жұмысын 2021 жылғы 10 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау күні қамтамасыз ете алады.

#ҚРКФ #Қарағанды #Сайлау2020

Басқа материалдар

Back to top button