АймақҚарағанды

Қарағанды облысында құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап, қаза болды

Қарағанды облысында құрылысы жүріп жатқан зауыт территориясында ер адам биіктіктен құлап, қаза тапты. Оқиға кеше, 3 қараша күні «Qaragandy Power Silicon» зауытында монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.

Сурет: ktk.kz

Болжам бойынша, марқұм монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлік фирманың қызметкері болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

– Құрылысы жүріп жатқан зауытта орын алған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі, яғни «Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button