Қарағанды облысында республикалық маңызы бар екі жол учаскесі жабылды
Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесі жабылды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан аса қажеттілік туындамаса елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша, ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық. Төтенше жағдайлар департаменті жолдарда жаңбыр, көктайғақ және жанама жел екенін хабарлайды. Жабық жол учаскелерінің тізімі:
– «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» (51-101 км, Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті);
– «Екатеринбург – Алматы» (1426-1353 км, Теміртау-Ақмола облысының шекарасы).
Осыған байланысты ТЖ департаменті облыстың барлық тұрғындарына дауылды ескерту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.