Жаңалықтар

Қарағанды облысында Президенттің атынан ауызашар берілді

Қарағанды облысында Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді. «Әнет баба» мешітіне көпшілік қауыммен бірге облыстың құрметті тұрғындары, ардагерлер, көп балалы аналар, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

– Рамазан – руханият пен мейірімділік айы. Баршаңызға амандық пен зор денсаулық тілеймін, – деді өңір басшысы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button