Қарағанды облысында мамандандырылған мектептерге құжат қабылдау басталды
Қарағанды облысында дарынды оқушыларға арналған мектептерге қабылдау науқаны басталды. Өңірде бүгінде мамандандырылған 7 мектеп-интернат, 2 лицей-интернат және облыстық музыкалық мектеп-интернаты жұмыс істейді. 5-сыныпқа қабылдайтын мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттар үшін өтініш қабылдау мерзімі биылғы 1 ақпан – 15 сәуір аралығында жүзеге асады. Онлайн www.qabyldau.daryn.kz арқылы тіркелуге болады.

Мектептер тізімі:
• Қарағанды қаласы – Жамбыл атындағы ММЛИ
• Қарағанды қаласы – Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ
• Қарағанды қаласы – «Дарын» ММЛИ
• Қарағанды қаласы – «Мұрагер» ММЛИ
• Қарағанды қаласы – Ақпараттық технологиялар ММЛИ
• Балқаш қаласы – «Зияткер» ММЛ
• Теміртау қаласы – «Озат» ММЛ
Ал, «Білім-инновация» лицей-интернаттарына (7-сыныптар үшін Қарағанды қаласындағы – №1 «Білім-инновация» ЛИ,№2 «Білім-инновация» ЛИ) өтініш қабылдау мерзімі 1 ақпан – 12 сәуір аралығын қамтиды. Онлайн тіркелу http://www.bilemtihan.kz арқылы жүзеге асады.
Музыкалық мектеп-интернатқа 1 ақпан – 15 сәуір аралығында құжат қабылданады.
Онлайн http://www.e-bilimal.kz тіркелуге мүмкіндік бар.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7212) 502 500
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



