Қарағанды облысында әлеуметтік саланың дамуы талқыланды
Қарағанды қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға салалық министрліктердің өкілдері және облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.

Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласынд а медициналық қызмет сапасы мен алғашқы көмектің рөлі күшейтіледі. Вице-премьер бірінші медициналық көмек, профилактика, ауруларды ерте анықтау және қызмет сапасы біртұтас жүйе ретінде жұмыс істегенде ғана нәтиже беретінін атап өтті. Әлеуметтік салада атаулы әлеуметтік көмек пен өңірлік төлемдерді біріздендіру қаралды. Әр азаматқа өзгерістерді түсіндіру маңызды екені айтылды.
Білім беру бойынша 2-6 жас аралығындағы балалардың 90,9%-ы балабақшамен қамтылғанымен, 25 мыңнан астам балаға орын жетіспейді. Балаларды қолдау және білікті кадрларды даярлау басты назарда.Сондай-ақ, еңбек нарығына қажетті мамандарды жоспарлау үшін ұлттық сауалнама жүргізілуде. Бұл жоғары оқу орындары мен колледждерді технологиялық өзгерістерге сай бейімдеуге мүмкіндік береді.

Туризм мен спортқа келсек, 2025 жылғы 9 айда өңірге 370 мың турист келген, жалпы табыс 8 млрд теңгеге жеткен. Инфрақұрылымды дамыту, туристік аймақтарды маусымға дайындау және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру жоспарланған.
Аида Балаева ведомствоаралық байланыс пен әлеуметтік қызмет сапасын арттыруды тапсырды. Басым бағыттар: профилактика, әлеуметтік қолдау, білім беру, кадр даярлау, мәдениет пен спортты дамыту.
primeminister.kz



