Жаңалықтар

Қарағанды облысында Крещение мерекесінде суға түсуге болатын ресми орындар белгілі болды

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын 19 қаңтарда атап өтілетін христиандық Крещение Господне мерекесіне орай Қарағанды облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өңірдің құтқару қызметтері суға түсуге арналған орындарды тексеріп, мұздың қалыңдығын өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сурет облыс әкімдігінен

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңір аумағында крещендік шомылуға арналған 19 ресми орын дайындалған.

Ресми суға түсу орындарының тізімі:

Қарағанды қаласы
• «Маяк» яхт-клубы аумағындағы Фёдоров су қоймасы

Балқаш қаласы
• Қалалық дамба

Саран қаласы
• Саран су қоймасы

Шахтинск қаласы
• Ленин атындағы шахта ауданындағы су айдыны

Приозёрск қаласы
• Құтқару бекетінің маңы

Осакаров ауданы
• Молодёжный кенті — Қ.И. Сәтбаев атындағы канал филиалы, КУЭ №11 гидроторабы
• Пионерское ауылы — Есіл өзені
• Есіл ауылы — Есіл өзені

Нұра ауданы
• Құндызды өзені

Бұқар жырау ауданы
• Нұра өзені — Ботақара кенті маңы
• Ошағанды өзені — Центральное ауылы маңы
• «Ясная сказка» демалыс аймағындағы су айдыны — Жаңа Узенка кенті
• Нұра өзені — Шешенқара ауылы маңы

Теміртау қаласы
• Қалалық жағажай
• «Семь пятниц» жағажайы
• «Космонавт» демалыс аймағы
• «Qarmet» АҚ-ның конвертер цехы маңындағы демалыс аймағы

Абай ауданы
• Шерубай-Нұра су қоймасы

ТЖД хабарлауынша, барлық нысандарда шомылу рәсімі кезінде құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция өкілдері кезекшілік атқарады.Сонымен қатар, Қарағанды қаласында жабық купель Введен кафедралды соборының аумағында (Гапеев көшесі, 1а) ұйымдастырылады. Ол 19 қаңтар күні сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Құтқарушылар крещендік шомылу тек ресми түрде жабдықталған орындарда ғана жүргізілуі тиіс екенін ескертеді. Мұз ойып, өз бетінше суға түсу өмірге қауіпті.

Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
• мұздай суға түсер алдында денені алдын ала шынықтыру;
• сүлгі мен жылы, құрғақ киім дайындау;
• рәсімге дейін және одан кейін алкогольдік ішімдік ішпеу;
• жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға ерекше сақ болу.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button