Ресми

Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация қалай өтуде

Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасуда. 84 472 адам толығымен егілді, бірінші компонентті 150 525 тұрғын алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында өңір басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК айтты. Облыста 4 899 инфекциялық төсек орын бар. Олардың толымдылығы 36%-дан аспайды. Облыстың стационарлары мен емханаларында дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ-ның үш айлық қоры бар.

— Барлық қажетті медициналық жабдықтар, оның ішінде 26 компьютерлік томограф бар. Жан басына шаққандағы томографтар саны бойынша облыс республикада жетекші орындардың бірін алады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Өңірдің барлық қалалары мен аудандарында мамандандырылған тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған 115 иммундау кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ, сегіз ірі сауда орталығында егу кабинеттері жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қызметкерлерді иммундау үшін өндірістік кәсіпорындарға егу бригадалары барады.

Жалпы, облыста медицинаны дамытуға көп көңіл бөлінеді. Биылғы жылы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Мәселен, екі жаңа жедел көмек подстанциясы ашылмақ. Маусым айында  операциялық-реанимациялық блоктың және онкологиялық диспансер жанындағы ядролық медицина орталығы ғимаратының құрылысы басталады. Сондай-ақ, облыстық балалар клиникалық ауруханасының құрылысы аяқталуы тиіс.

Ауылдық жерлерде үш жыл ішінде 32 ФАП салынады.

Басқа материалдар

Back to top button