Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағанды облысында көмірдің орташа бағасы – 19 000 теңге

Қарағанды облысында қысқа дайындық қызу. Бүгінде облысқа қарасты 55 орында көмір сатып алу мүмкіндігі бар. Оның жалпы қоры 580 мың тоннаны құрайды.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

–Бүгінгі күні 29 мың тонна қор бар, оның ішінде Қарағанды бойынша – 11 мың тонна. Қамтамасыз етуде ешқандай сұрақтар жоқ, сату жұмысы тұрақты жүргізілуде. Бағаға келсек, шұбаркөл көмірінің орташа бағасы тоннасына – 19 100 теңге, кузнецкий – 16 500 теңге, майқұба – 16 000 теңге. Мысалы, қалада шұбаркөл көмірінің бағасы 15 500-ден 15 800 теңгеге дейін ауытқиды. Құнның қалыптасуына бірқатар факторлар, ең алдымен логистика әсер етеді, – деп атап өтті Кәсіпкерлік және индустрия басқармасы басшысының орынбасары Ақдидар Рымбек.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

 «Рапид» компаниясы ЖШС директоры Андрей Белов көмірді жерасты әдісімен өндіретінін айтады. Бұл оның өзіндік құнын біршама жоғары етеді.

–Біздің компания ҚР Үкіметімен 2001 жылдан бері келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Біз жаңа технологияларды қолдана отырып, бұрын жабылған шахталардың орнында көмірді жерасты әдісімен өндіреміз. Шығындардың көп болуына байланысты баға жоғары, бірақ сапалық сипаттамаларының арқасында сұраныс сақталуда, – деп түсіндірді «Фирма “Рапид”» ЖШС директоры Андрей Белов.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button