Жаңалықтар

Қарағанды облысында көлік жылдамдығын тіркейтін Ekin Patrol G2 кешені іске қосылды

Қарағанды облысында плоттық режимде жылдамдық режимін тіркейтін Ekin Patrol G2 ақпараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды. Аталмыш құрылғы елді-мекендердегі апаттың алдын алу мақсатында көлік жылдамдығын анықтайды. Бұны мамандар жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін азайтуға көп пайдасын тигізеді деп отыр.

 

Қазіргі таңда аталмыш құрылғы сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Тамызда өңірдегі барлық жол учаскесіне пайдалануға беріледі.

Облыс әкімдігінің балансында 11 дана Ekin Patrol G2 жылжымалы кешені бар. Олар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Приозерск қаласы мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орналастырылған.

Апаттылықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Қарағанды облысының аумағында облыстық және республикалық жолдардың бойында 17 ақпараттық-ескерту баннерлері, патрульдік автокөліктің 5 муляжы, жол-көлік оқиғаларынан кейінгі автокөліктердің 6 қаңқасы орнатылды. Республикалық маңызы бар автожолдың қауіпті учаскелерінде 32 стробоскоп шамдар және үй жануарларын соғып кетудің алдын алу мақсатында республикалық «Алматы-Екатеринбург», «Қызылорда-Павлодар» жолдарында жануарлардың 5 макеті қойылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button