АймақБас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды
Өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолының 248–592 шақырым аралығындағы (Атамекен ауылы – Балқаш қаласы) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу 2 ақпан сағат 15:30-дан бастап күшіне енді. Жолды 3 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



