Бас тақырыпБасты тақырыпДенсаулық

Қарағанды облысында «көкжөтел» 5 есеге төмендеді

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанованың айтуынша, «көкжөтел» ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні қанағаттанарлық, жүргізіліп жатқан иммундау шараларына байланысты көкжөтелдің жекелеген жағдайлары ғана тіркелуде. 

Сурет democrat.kz/

–Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көкжөтелмен сырқаттанушылық 5,7 есеге төмендеді. Барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында расталған 34 жағдай тіркелді. Бұл ретте 27 жағдайда немесе 80%-да вакцинацияланбаған балалар ауырды, – деді Гүлжан Байгутанова.

Көкжөтел ауа тамшылары арқылы берілетіндіктен, тыныс алу органдарының қабынуы арқылы жүреді. Сондықтан пневмония көкжөтелде жиі кездесетін асқынуларының бірі, плеврит, бронхит дамуы мүмкін. Сондай-ақ, жөтел кезінде мида оттегінің жетіспеушілігіне байланысты құрысулар, әсіресе кішкентай балаларда энцефалопатия пайда болуы мүмкін.

Көкжөтел мен қызылша – бұл екі түрлі жұқпалы ауру. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері бар. Осы ауруларда инфекциялардың алғашқы белгілері суықтың көріністеріне ұқсас. Бұл температураның жоғарылауы, мұрынның ағуы, жөтел, мұрынның бітелуі, бас ауруы, әлсіздік.

Көкжөтелге ұстамалы жөтелдің пайда болуы тән. Бір-екі аптадан кейін, көбінесе тыныс алғанда ысқырықты дыбыспен бірге жүретіндіктен, баланың беті қызарады немесе көгереді, мойын мен беттің тамырлары ісінеді. Жөтел ұстамасы құсу немесе тұтқыр қақырықты шығару арқылы аяқталады.

Көкжөтел вакцинамен басқарылатын инфекция. Көбіне бұл ауру вакцинацияланбаған балалар арасында жоғары зақымданумен байқалады. Балалар көкжөтелмен жиі ауырады, оның ішінде 1 жастан 4 жасқа дейін 49% және 1 жасқа дейінгі балаларда 38%. Қазақстанда көкжөтелге қарсы иммундау тегін жүргізіледі.  Көкжөтелге қарсы вакцинация 2, 3, 4 айлық үш вакцинациядан тұрады, 18 айлықта және 6 жаста ревакцинация жүргізіледі.

Статистикаға сәйкес, вакцинацияланбаған балалар екпе алған балаларғаға қарағанда әлдеқайда жиі ауырады. Вакцина алған бала ауырып қалса да, ауру жеңіл және асқынусыз жүреді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button