Қарағанды облысының оңтүстік өңірлерінде 30 наурыздан бастап аң аулау маусымы басталады.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаевтың және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қатысуымен өткен кеңесте бекітілген аңшылық алқаптардың аумағында ата үйрек (еліктіргіш үйрек немесе тұлып болған жағдайда) пен еркек қарақұйрықты аулау бойынша көктемгі аң аулау мерзімдері талқыланды.
Климаттық аймақтарды ескере отырып, көктемгі аң аулаудың келесі мерзімдері белгіленді:
1) оңтүстік аймақ (Шет және Ақтоғай аудандары) – 2024 жылғы 30 наурыздан 13 сәуірге дейін;
2) солтүстік аймақ (Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары) – 2024 жылғы 13 сәуірден 27 сәуірге дейін.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz