Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағанды облысында көктайғақ пен тұман күтіледі

«Қазгидромет» РМК мамандары Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады. 12 қазан сағат 20:00-ден 13 қазан сағат 20:00-ге дейін өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Сурет stan.kz

Қарағанды қаласында да 13 қазанның түнінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Мамандар тұрғындар мен жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда барынша сақ болуға кеңес береді.

Кеше Қарағанды облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қарағанды – Аягөз – Боғаз автожолының 64-217-шақырымында (Ботақара – Қарқаралы аралығы) көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.

«Қазавтожол» мәліметінше, шектеу барлық санаттағы көлік құралдарына қатысты енгізілді. Бұған ауа температурасының төмендеуі және көптеген жүргізушілердің жазғы шиналарды қолдануы себеп болған.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button