Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды

Қарағанды облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының қызметі ресми түрде басталды. Бұл коалиция Жаңа Конституция жобасының баптарын кеңінен қоғамдық талқылау және түсіндіру, сондай-ақ оның негізгі ережелерін облыс тұрғындарына жеткізу мақсатында құрылды. Бастама азаматтармен ашық диалогты күшейтуге және қоғамды мемлекеттік реформалар процесіне тартуға бағытталған.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Суреттер ұйымдастырушылардан

Коалицияға жетекші қоғамдық-саяси күштер, саясипартиялардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығыжәне елдегі миллиондаған азаматтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдар кірді. Жалпы ұлттық отырыс барысында Жаңа Конституция әділ және заманауи мемлекеттің негізі болып, саяси жаңғыртуды қамтамасыз етуі және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтуі керектігі атап өтілді.

Конституция жобасында жеке тұлғаның рөлін күшейтуге, білім, ғылым және инновацияларды болашақ прогрестің негізгі қозғаушы күштері ретінде дамытуға ерекше мән берілген. Бұл бағыттар тұрақты реформалар мен елдің стратегиялық дамуының негізі ретінде қарастырылады.

Коалиция құрамына қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары және сарапшылар кірді. Жаңа Конституция жобасының ережелері туралы халықты хабардар ету мақсатында тақырыптық кездесулер, ашық талқылаулар, іссапарлық шаралар және басқа форматтар жоспарланған.

Қарағанды облысының өңірлік коалициясына барлығы 95 қатысушы кірді. Облыс тұрғындарын кеңінен хабардар етуге бағытталған 858 іс-шара мен қоғамдық акциялар жоспарланған.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button