Қарағанды облысында Халыққа қызмет көрсету орталығының экс-басшысы ұсталды
Қарағанды облысында ХҚКО бұрынғы басшысы мен орынбасарының жүк көліктерін заңсыз тіркеу арқылы алаяқтық жасағаны анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, 33 жүк көлігі заңсыз тіркеліп, салдарынан мемлекет бюджетіне 315 млн теңге шығын келген.
«ХҚКО қызметкерлері көлік құралын тіркеу кезіндегі алымды және утилизация төлемдерін төлемеу үшін ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN-кодтары бойынша жалған деректер енгізген», – делінген хабарламада.
Мамандандырылған ХҚКО-ның экс-басшысы мен орынбасары қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынып, олардың 42 млн теңге көлеміндегі мүлкі бұғатталды.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.