Жаңалықтар
Қарағанды облысында фрилансер мектебі ашылды
Қарағанды облысында «Фрилансер мектебі» жобасы басталды. Саран қаласында және Абай ауданында ашылған екі мектепте 40 адам тәлім алуда.
Абай ауданында ашылған «Іскер ана» фрилансер мектебіне жазылған көпбалалы аналар іс тігу, тағам әзірлеу тәрізді кәсіп түрлерінің қыр-сырын үйренуде. Мектепті тәмамдаған әйелдер қолөнер жәрмеңкелерінде, сауда орталықтарында табыс табу мүмкіндігіне ие болады.
Саран қаласында ашылған фрилансер мектебінің негізгі бағыты – ІТ технологиялар және тігін шеберлігі.
Оқу барысында дәріс алушылар бизнес жоба дайындап, «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін үйрену және 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алу мүмкіндігін иеленеді.