Облыста ет пен сүт өндіретін жаңа фермалар пайда болады

Облыста 2021 жылы аграрлық салада 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Өңірде мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылды. Ет және сүт өндіретін жаңа фермалар ашылады деп күтілуде. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте АӨК дамыту туралы айтып берді.

— Ауыл шаруашылығының тұрақты өсімі 4,5% деңгейінде байқалады. Салаға салынған инвестициялар артты. Биыл 2020 жылғы көлемге қарағанда 12,3% өсіммен шамамен 29 млрд теңге тартуды жоспарлап отырмыз. 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады, – деді аймақ басшысы.

Жаңа өндірістердің ашылуы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға да ықпал етеді. Облыста үш сүт-тауар фермасы мен қой шаруашылығы мегафермасын ашу жоспарлануда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 мың бас ірі қара және 20 мың ұсақ мал сатып алынады деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық құнын арзандатуға 714 млн теңге бөлінді.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін картоп пен көкөніс көбірек өсіріледі.

Өңірде егіс науқаны жүріп жатыр, жұмыстарды мамыр айының соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Биыл облыста астық алқаптары 40 мың га ұлғайды, жазғы егіс 1057,7 мың га құрайды, картоп 11 мың га алаңға, көкөністер 1,8 мың га алаңға отырғызылады.

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат қарастырылған. «Кең Дала» және «Егінжай» бағдарламалары бойынша 104 шаруашылық көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген несие алды.