Жаңалықтар

Қарағанды облысында екі азамат 12 млн. теңгеге жуық мұнай өнімін ұрлаған

Теміртау қаласының полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы шағымданған. Тексеріс нәтижесі 11 миллион 893 мың теңге жетіспейтінін анықтады.

 

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 пен 40 жас аралығындағы екі ауыл тұрғыны ұсталды.

Екі азамат та ұрлық жасаған кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button