Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысында екі аудан мен бір қалаға әкім сайланды

Орталық сайлау комиссиясы 5 қарашада пилоттық режимде өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдері сайлауының  нәтижелерін жариялады.

Сурет: Ашық дереккөз

Сайлау елдің 17 облысында өтті: 42 аудан және үш қалада. Өкілеттіктеріне сәйкес олардың тізбесін облыстардың мәслихаттары бекітті.

Қарағанды облысында пилоттық жобаға Осакаров және Ақтоғай аудандары, Приозерск қаласы кірді. Сайлау балама негізде өтті, әрқайсысында үш үміткер болды. Сонымен қатар, бюллетеньде “барлығына қарсы” деген баған қарастырылды.

– Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттары, бақылаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды, – делінген ОСК хабарламасында.

Қарағанды облысында әкімдерді сайлауға сайлаушылар тізіміне 38126 азамат енгізілді. Дауыс беруге 25781 адам қатысты.

Нәтижесінде Осакаров ауданында қазіргі әкім Руслан Нұрмұханбетов жеңіске жетті. Ол үшін сайлауға келген 14365 сайлаушының 11595-і дауыс берді. Оның бәсекелестері Нәсіп Шалабаева пен Ермек Дөненбаев тиісінше 1391 және 1276 дауыс жинады.

Ақтоғай ауданының әкімі Руслан Кенжебеков 5656 дауыспен өз қызметін сақтап қалды. Нұржан Сейітовке 1251 сайлаушы, Нұрланбек Жаңабергеновке 695 сайлаушы дауыс берді.

Приозерск қаласында қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мансұр Ахметов жеңіске жетті. Оған 2664 сайлаушы дауыс берді. Қарсыластары Светлана Попченко мен Руслан Койшин сәйкесінше 477 және 340 дауыс жинады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button