Жаңалықтар

Қарағанды облысында екі адам коронавирустан жазылды

Бүгін Қарағанды облысында екі азамат коронавирус инфекциясынан сауығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Қарағанды қаласының 31 жастағы тұрғыны мен Теміртау қаласының 53 жастағы тұрғыны қауіпті індетті жеңді. Олар толық емдеу курсынан өтіп, 2 мәрте ПТР талдауын тапсырды. Сынамаларды зерттеу барысында  сырқат белгілері анықталған жоқ. Осыдан соң, науқастар 14 күнге үй карантиніне жіберілді. Аймағымызда коронавирустан жазылғандардың жалпы саны 63 адамға жетті”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button