Жаңалықтар

Қарағанды облысында «Еңбек жолы» байқауының аймақтық кезеңі өтеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық байқауына өтінім қабылдайтынын хабарлады. Бірақ алдымен жарыстың аймақтық кезеңдері өтеді. Байқауға  кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан). Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу – тегін.

Барлығы үш номинация қарастырылған:
1. «Үздік еңбек әулеті».
Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттары бар және барлық меншік нысанындағы ұйымдарда жұмыс істейтін ең үлкен әулет таңдалады.

Ескертпе
Еңбек әулеті – бір ұйымда бір немесе одан да көп ұрпақ өкілдері (жұбайлардың біреуі немесе екеуі де балаларымен және немерелерімен қоса) қызмет еткен жұмыскерлер тобы. Олар қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және кәсіпорында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Әулет басшысы барлығынан бұрын еңбек қызметін бастаған адам.
Аталмыш әулет ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсене араласуы, жастардың кәсіби бағдарына жәрдемдесуі, өз мамандығын насихаттауы тиіс.

2. «Өндірістің үздік жас қызметкері».
Бұл номинацияда 5 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Бұл номинацияда 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

Қажетті құжаттар:
1) номинацияны көрсете отырып, байқауға қатысуға еркін түрде жазылған өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып);
4) компьютерлік тұсаукесер – 1-3 минут (Microsoft Power Point форматында) – қатысушы (жұмыс, отбасы, әуестік, хобби және т. б.);
5) жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және еңбек әулетінің әрбір өкілінің және қызметкердің жұмыс өтілін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері, жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат.

Бар болса, келесі құжаттардың көшірмелері қажет:
– марапаттау парақтары – мемлекеттік немесе ведомстволық наградалар, грамоталар;
– біліктілікті арттыру туралы алғыс хаттар, сертификаттар.
Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі.
«Еңбек жолы» аймақтық кезеңге қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады. «Еңбек жолы» байқауына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ сайтынан, сондай-ақ Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының сайттарынан білуге болады. Анықтама телефоны: (8-7212) 30-25-24.

Облыстық комиссия «Еңбек Жолы» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын 5 мамырға дейін анықтайды.

Басқа материалдар

Back to top button