Коронавирус

Қарағанды облысында COVID-19-дан тағы екі адам сауығып кетті

Бүгін, 25 сәуірде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан екі науқас ауруханадан шығарылды.

Олардың бірі – 1947 жылы туған Қарағанды қаласының тұрғыны. Екіншісі – Шахтинск қаласынан келген 11 жасар қыз бала. Оларда COVID-19 жеңіл дәрежесі анықталды.
Толық емдеу курсынан және екі мәрте ПТР-талдауда теріс нәтиже көрсеткен пациенттер одан әрі үй карантинін сақтай отырып шығарылған.

Бүгінгі күні сауықтырылғандардың жалпы саны 36 адамды құрап отыр.

Басқа материалдар

Back to top button