Қарағанды облысында COVID-19-бен ауырған 159 адам тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 789 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 159, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 142 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 16 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 727 721 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 680 128 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 275 145 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 57,9%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 16 тамыздағы мәліметтер бойынша 31 634 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 64,1%.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауға және вакцинациядан әлі өтпегендерді өз денсаулығы үшін дұрыс шешім қабылдауға шақырады.
Вакцинация жасаңыз және аурудың таралуын тоқтатуға өз үлесіңізді қосыңыз!