АймақБас тақырып

Қарағанды облысында бір мезетте 10 мыңға жуық жас домбырашы күй орындады

Қарағанды облысы Наурыз мерекесіне орай өткен «Күй күмбірі» республикалық челленджіне белсенді қатысты. Өңір бойынша бір мезетте 10 мыңға жуық жас домбырашы күй орындады.

Суреттер облыс әкімдігінен

Қарағанды қаласында 500 оқушы белгілі күй «Ерке сылқымды» бірге орындады. Танымал әрі үйренуге жеңіл бұл шығарма жас музыканттарға ұлттық музыканың ырғағын сезінуге мүмкіндік береді.

Акция облыстың барлық аймағында өтті. Нұра кентінде 250-ге жуық оқушы күй орындап, жоғары дайындықтарын көрсетті. Балқаштағы С. Сейфуллин атындағы№7 мектеп-гимназияның оқушылары «Тепеңкөк» күйін тартты.

Челлендж ұлттық мәдени мұраны дәріптеп, жастардың домбыра өнеріне қызығушылығын арттырды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button