Жаңалықтар

Қарағанды облысында барлық жолдар ашық

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының операторы Қазақстанның 6 облысындағы трассалардың ашылғаны туралы хабарлады, деп мәлімдеді ortalyq.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертеңгі сағат 8.00-ден бастап көлік қозғалысы автожолдардың келесі учаскелерінде ашық:

Қарағанды облысында:

  • «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық;
  • «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының Қарағанды қаласынан Ботақара кентіне дейінгі аралық;
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
  • «Бастау-Ақтау-Теміртау» тасжолының Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін.

Басқа материалдар

Back to top button