Жаңалықтар

Қарағанды облысында балықшылардың өлімі жиілеп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары су айдындарында балықшылардың өлімінің алдын алу мақсатында демалыс және балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық парақшалар таратып, тұрақты түрде профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

 

Өткен демалыста балықшылардың суға батып кеткен екі фактісі тіркелген. Одан бөлек, өткен аптада суға кеткен тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Абай ауданы, Топар ауылы, Шерубай-Нұра су қоймасында ТЖД сүңгуір-құтқару жасағының күштері балық аулау кезінде суға батып кеткен 1988 жылы туған ер адамның денесін тапты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 1989 жылы туған ер адам жағаға шығарылды. Құтқарылған адам суға батқан адамның қасында болып, өз бетімен жағаға жете алмаған.

24 шілдеде Ақтоғай ауданында Тасарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде ауа райының тұрақсыздығы мен желдің күрт күшеюінен салдарынан қайықтан құлап кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.

 

Барлық жағдайда азаматтар қайықта құтқару кеудешелерінсіз болған, шағын қайықтағы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған.

Сонымен қатар, азаматтар судағы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзады. Мәселен, Теміртау қаласында Самарқанд су қоймасында Старогородской жағажай ауданында ТЖД күштерімен 1995 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілуде, ол жағадан 100 м қашықтықта су көлігін басқарып, моторлы қайықпен соқтығысуға жол беріп, суға батып кеткен. Ер адам су көлігінде құтқару кеудешесінсіз болған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button