Аймақ

Қарағанды облысында балықшылардың өлімі артқан

Биылғы жылы былтырмен салыстырғанда балықшылардың қаза болу санының артуы байқалады. Ағымдағы жылы шомылу маусымы басталғаннан бері бес балықшы суға батып кеткен, ал өткен жылы Балқаш көлінде бір балықшы қаза тапқан.

 

Бұл ретте суға батқан балықшылардың барлығы дерлік құтқару кеудешелерінсіз болғандығы және су көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығы анықталды. Мұның соңы орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келуде.

Сонымен қатар балықшылардың өліміне байланысты судағы 5 оқиғаның 4-уі төтенше жағдай ретінде есепке алынды (Теміртау қ., Бұқар жырау, Абай, Осакаров аудандарында – 1 жағдай бойынша) және тағы да бір балықшының суға кетуіне байланысты Балқаш көлінде іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Іздеу жұмыстарының қорытындысы бойынша оны да төтенше жағдайлар департаментіне тіркеу туралы шешім қабылданатынын айтты Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Бекзат Мақажанов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button